25
май
2020
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата - аналар! Барлығымыз көріп отырғандай, 2019 - 2020 оқу жылының төртінші тоқсанында елімізде карантин режимі жари
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата - аналар! Барлығымыз көріп отырғандай, 2019 - 2020 оқу жылының төртінші тоқсанында елімізде карантин режимі жарияланып, қашықтан оқыту жүйесіне ауысқан болатынбыз. Сондықтан да биылғы оқу жылының соңғы қоғырау соғу салтанаты жылдағыдай дәстүрде өткізілмейді. Бұл сіз бен біздің амандығымыз үшін жасалып отыр.
2019 - 2020 оқу жылы да аяқталды. Барлықтарыңызды осы оқу жылының табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Биылғы жылда оқушыларымыз қалалық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда топ жарып, жоғарғы жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар, атаулы мерекелерге арналған шығармашылық, өнер, түрлі спорттық бағыттар бойынша оқушыларымыз сынға түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Осының барлығы мен үшін, біздің ұжым үшін үлкен абырой, мақтаныш. Құрметті мектеп бітіруші түлек! Сіз үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сіз дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан түлеп ұшқалы тұрсыз. Сіз үшін осынау қимас ұяңызда жүрген сәтте, алдыңыздан күн сайын жаңалықтар легі ашылды, танымыңыз тереңдей түсті. Сіздің бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие егуді өзімнің жауапкершілік міндетім деп қана ұғатын барлық ұстаздарыңыз енді Сіздің дәл осындай биіктен көріне білгеніңізге қуанады. Сіз алдағы өміріңізде Абай атамыз айтқандай: "бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық" бола білсеңіз ғана өзіңіздің ұстаздарыңыз төгілген тер өтелді деп біледі. Сіз үшін бүгінгі қағылар соңғы қоңырау үні балдәурен балалығыңыздың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілгендігіңіздің ескертпесі сияқты. Сізге ендігі сәтте өз өмір айдыныңызды қалап алуға тура келеді. Осынау кезеңдерде өмір кемеңіздің желкенін еш уақытта түсірмеу үшін, сіздің бойыңыздан білім мен білік, батылдық табылатынына сенгіміз келеді. Сіз Елбасы армандаған мәңгілік болашақтың бүгінгі жас құрылысшысы екендігіңізді еш уақытта естен шығармаңыз.