Қамқорлық акциясы » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
21
январь
2016

Қамқорлық акциясы

Адамгершілік пен имандылық Жақсылық алып келеді. Адамға жағымды нәрселердің бәрі Жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс-әрекеттеріне, қоғамдық қатынастарына, адамаралық байланыстарына баға беріледі. Жақсылық адамның ізгілігін анықтайды.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектепте «Жалпы оқыту» айлығын өткізу барысында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы да өз жұмысын атқаруда. Бұл акцияда аясында 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың контингентін нақтылау, оқудан жалтарған балалар мен жасөспірімдерді анықтау және оларды мектепке қайтару жөнінде шаралар қабылдау мақсатында елді мекендердің аулалық тексерісін жүзеге асыру жұмыстары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар «Қамқорлық» акциясы аясында мектеп әкімшілігі мен ұстаздары мектеп шағын аумағына бекітілген аймақтарға рейд жүргізілуде. Рейдтің мақсаты: мектеп жасындағы оқушылардың оқудан жалтаруын және ата-ананың қарауынсыз қалған жасөспірімдерді анықтау. «Қамқорлық» акциясы аясында мектебімізде білім алып жатқан әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар, жетім, жартылай жетім отбасы балаларына мектеп ұстаздары, демеушілер тарапынан оқу құралдары мен жылы киіммен қамтамасыз етілді. Көмек көрсеткен барша жандарға шексіз алғысымызды айта отырып, отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс, тілейміз. «Қамқорлық» акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Директордың тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары
Байтасов А.Т.




Қамқорлық акциясы