25
октябрь
2021
Халықаралық «Жанашыр» қоры ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аясында «Патриоттық рух
Халықаралық «Жанашыр» қоры ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аясында «Патриоттық рух – басты құндылық» жобасы бойынша Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін насихаттау мақсатында оқушылар арасында аудандық «Қасиетті домбыра» атты домбырамен ән айту, күй тарту шығармашылық байқауы өтті. Байқау нәтижесі бойынша күй тарту номинациясында ІІІ орынды №198 ЖББ мектеп оқушысы Ибраймов Оспан және №61 ЖББ мектептің оқушысы Оразай Санжар және №59 МГ оқушысы Юсуп Нурислам иеленсе, ІІ орынға №115 ЖББ мектептің оқушысы Баязит Әмірхан және №83 МГ оқушысы Естемесова Агиля жайғасты. Жүзден жүйрік оза шапқан №84 ЖББ мектептің 6 «Ә» сынып оқушысы Жолшы Ерсұлтан жүлделі І орынды қанжығалады. Домбырамен ән айту номинациясында №83 МГ оқушылары Серікққали Нүргүл, Құдайберген Аяулым, №115 ЖББМ оқушылары Қанатқызы Қарақат және Елубай Ақерке ІІІ орын, №49 ЖББМ оқушысы Амантай Бексұлтан, Абляким Аяулым ІІ орынды иеленді. І орынға №59 МГ оқушысы Сакен Дастан жайғасты. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!