11
октябрь
2022
Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 ЖББМ қазан айының 10 күні №24 қалалық емхананың қызметкерлері психолог Тұрлыбекова Перизат Бахтыбайқызы мен медбике М
Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 ЖББМ қазан айының 10 күні №24 қалалық емхананың қызметкерлері психолог Тұрлыбекова Перизат Бахтыбайқызы мен медбике Махметова Дамиля Жумадиловна
«Жарақаттанудың алдын алу және жарақаттар мен соғылулар кезінде алғашқы көмек көрсету» тақырыбында 8 – 11 сынып оқушылармен кездесу өткізді.
Мақсаты:
1.Жарақаттанудың алдын алу туралы түсінік
2.Жеке тұлғаны дамыту,жарақаттанудың алдын алу,алғашқы көмек көрсету түрлерін білуге,танымдық қиындықтарды жеңуге тырысу.
Кездесу барысында жарақат туралы түсінік берілді, бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жайттардың әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы екенін айтты.
Алғашқы көмек – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп, оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты екенін түсіндіріп,алғашқы көмек берудің түрлерін көрсетті.
Жауапты: ДТІЖО Д.Е.Мурзагалиев