24
февраль
2023
№84 ЖББ мектепте 24 ақпан бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі, педагог – сарапшы Г.А.Есбаева 3 «Б» сыныбында дүн
№84 ЖББ мектепте 24 ақпан бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі, педагог – сарапшы Г.А.Есбаева 3 «Б» сыныбында дүниетану пәнінен «Қазақ жерінің даңқты хандары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Ұлы хандармен (Қасым хан, Тәуке хан және Жәңгір хан) таныстыру, мағлұмат беру, хандардың Қазақстан тарихындағы рөлін түсіндіру. Сабақ барысында оқушылар хандардың есімдеріне байланысты топқа бөлініп, топтық жұмыстар жүргізілді. Оқушыларды сергіту мақсатында нейрожаттығу орындады. Мұғалімнің сабақтағы әдіс – тәсілдері тақырыпқа сәйкес сабақтастығы, құрылымы өте жақсы. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
Жауапты ДОІЖ орынбасары Кокекова А.А.







Жауапты ДОІЖ орынбасары Кокекова А.А.






