Алматы қаласы Түрксіб ауданы #84 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігінің ашылуы өткізілді. "Әлқисса" күйін тартып кірг » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » Алматы қаласы Түрксіб ауданы #84 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігінің ашылуы өткізілді. "Әлқисса" күйін тартып кірг
05
декабрь
2023

Алматы қаласы Түрксіб ауданы #84 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігінің ашылуы өткізілді. "Әлқисса" күйін тартып кірг

Алматы қаласы Түрксіб ауданы #84 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігінің ашылуы өткізілді.
"Әлқисса" күйін тартып кірген қос оқушының артынан шашуын шашқан әже, қуанған балалар және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері іс-шараның шымылдығын ашып берді. Ұлттық киім киген мектеп оқушыларының келбеті көз тартады. Білім беру ісінің үздігі, мектебіміздің аяулы әжесі Баршагүл Мақсұтқанқызы бата беріп, "Япурай" әнін тарту етті. Сөз кезегін мектеп директоры С.Ш.Молдасанова алып, онкүндіктің Сингапур оқыту-тәрбиелеу жүйесінің негізінде жүзеге асырылып жатқанын алға тартты. "Бір бауырсақ-бір мақал" сайысына оқушылар суреттер бойынша мақал-мәтелдер белсенді түрде қатысты. 8 "Б" сынып оқушысы Келдібай Бекнұр мен 6 "А" сынып оқушысы Сарсенбай Бейбарыстың әуелете шырқаған әндері салтанатты жиынды көркемдей түсті. 9 "Ә" сынып оқушысы Баймухамбетов Ерасыл мен 8 "Ә" сынып оқушысы Жолшы Ерсұлтанның күй тартысы ашылу салтанатын қорытындылап берді. Баршаңызды онкүндікке белсене қатысуға шақырамыз!

Похожие публикации: