2024 жылдың 9 қыркүйегінде мектебіміздің оқушылары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтетін Тоғызқұмалақ күніне арналған флешмобқа қатысты. » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
eOtinish.kz
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » 2024 жылдың 9 қыркүйегінде мектебіміздің оқушылары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтетін Тоғызқұмалақ күніне арналған флешмобқа қатысты.
09
сентябрь
2024

2024 жылдың 9 қыркүйегінде мектебіміздің оқушылары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтетін Тоғызқұмалақ күніне арналған флешмобқа қатысты.

2024 жылдың 9 қыркүйегінде мектебіміздің оқушылары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтетін Тоғызқұмалақ күніне арналған флешмобқа қатысты. Шара Сауранбаев көшесінің жаяу жүргіншілер аймағында өтті. Аталмыш шара Түрксіб ауданы әкімдігінің және Түрксіб ауданының білім басқармасының қолдауымен өткізілді
Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Ойын танымдық, эстетикалық, спорттық, тіпті ғылыми аспектілерге ие. Ойын жасөспірімдер миын дамытады. Сондықтан ол жергілікті, ұлттық деңгейден асып, әлемдік маңызға ие. Бұл ойын ақыл-ойды дамытып қана қоймайды, ол тәртіпке үйретеді. Тоғызқұмалақ ойнаған бала өскен соң күнделікті жоспарын оңай құра алады, кез келген жағдайда өзін тұлға ретінде көрсетеді, белгілі бір оқиғаға байланысты өзіндік ұстанымы, көзқарасы болады. Ойын халықтың мінезін танытады.
Тоғызқұмалақ ережелерінен қазаққа тән мінез-құлық ерекшеліктерін көруге болады. Отау саны мен құмалақ санының аталған ойындардан көптігі де ұлтымыздың жомарт, еркін болмысын сипаттайды, қазақ даласына тән кеңдігін көрсетеді.
Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты бүгінгі тарих бетінен өшірмей, келер өскелең ұрпаққа жеткізу – біздің басты парызымыз.

9 сентября 2024 года учащиеся КГУ ОШ №84 приняли участие во флеш-мобе, посвященном «Дню Тоғызкумалак», проводимого в рамках V Всемирных игр кочевников. Мероприятие проше на пешеходной зоне ул. Сауранбаева при поддержке акимата Турксибского района и отдела образования Турксибского района. Тоғызкумалак – одна из национальных традиционных игр казахского народа, интеллектуальная игра. Игра имеет образовательный, эстетический, спортивный и даже научный аспекты. Игра развивает мозг подростков. Поэтому она имеет глобальное значение, выходя за рамки местного и национального уровня.Эта игра не только развивает ум, она учит дисциплине. Подрастая, ребенок, игравший в тоғызкумалак, легко может составить ежедневный план, проявить себя как личность в любой
[media=
]

Похожие публикации: