Алматы қаласы Түрксіб ауданы #84 жалпы білім беретін мектебінің 7 "б"
Алматы қаласы Түрксіб ауданы #84 жалпы білім беретін мектебінің 7 "б" сыныбында Қасым Қайсеновтің "Жау тылындағы бала" повесі негізінде қойылым сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты— бейбіт өмірді қастерлей білуге үйрету, көркем шығармадан алынған үзінділерді жатқа айту, қазіргі дүние жүзі назар салған соғыс желісіне ұқсас шығарманың басты құндылығын оқушыларға дарыту. Сабақ барысында рөлге ену, мәнерлеп айту, сахналық қойылым дағдыларына мән берілді. Пән мұғалімі Исламова Айгерим Токтаржановна.