№84 ЖББМ 10 сынып оқушысы Асанханова М.қалалық "ҰЛАНБАСЫ" сайлауына қатысты. » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
eOtinish.kz
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » №84 ЖББМ 10 сынып оқушысы Асанханова М.қалалық "ҰЛАНБАСЫ" сайлауына қатысты.
29
октябрь
2019

№84 ЖББМ 10 сынып оқушысы Асанханова М.қалалық "ҰЛАНБАСЫ" сайлауына қатысты.








2019 жылдың 29 қазан күні Алматы қаласы Түрксіб ауданы, # 7 оқушылар үйі, 84ЖББ мектептің 10 А сынып оқушысы АСАНХАНОВА МЕРУЕРТ ҚАНЫШҚЫЗЫ қалалық "Жас Ұлан" ұйымының Ұланбасы сайлауына үміткер ретінде қатысты. Аталған шара барысында Меруерт өзін таныстырып, 2018-2019 оқу жылында атқарған жұмыстарына есеп беріп, алдағы 2019-2020 оқу жылының жұмыс жоспарын таныстырды. Сондай-ақ, "ҰЛАНБАСЫ" қандай болу керек деген сауалға жауап беріп,өз ойын нақты фактілерге сүйене отыра, мысал келтіріп түсіндірді. Сайлау қорытындысы бойынша "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы 2019 жылғы Ұланбасының "Жеті жарғы" бағыты бойынша орынбасары болып тағайындалды.
Асанханова Меруерт- болашағынан көп үміт күттіретін оқушы.Оның келешекте еліне елеулі, халқының қалаулы мақтанышы болатын, мәдениетті, білімді, өз дарындылығымен халыққа адал қызмет ететін, өз ісінің білгірі болатынына кәміл сенеміз.
ЖАРАЙСЫҢ,МЕРУЕРТ! ТЕК ҚАНА АЛҒА! БІЗ САҒАН СЕНЕМІЗ!