25
декабрь
2019
ЖАҚСЫЛЫҚ ШАМШЫРАҒЫ
ЖАҚСЫЛЫҚ ШАМШЫРАҒЫ
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №84 жалпы білім беретін мектепте әкімшілік тарапынан көп балалы және жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан оқушыларға жаңа жылдық шырша ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күйге тұнған кеш өткізілді. Аталған іс-шара барысында қатысушылар безендірілген шыршаны айнала қоршап, әсем әуеннің әуезімен басты қонақ Аяз Ата мен Ақшақарды ортаға шақырды. Шәкірттердің өнерін тамашалап, тәнті болған Аяз Ата өз сыйлықтарын балаларға табыс етті. Сөз кезегін алған мектеп директоры Союзхан Шорманқызы балаларды келе жатқан тышқан жылымен құттықтап, үлгілі және озат оқушы ретінде әрі қарай таныла беруін, биік жетістіктердің межесінен аталуын тіледі. Мектеп әкімшілігінің демеушілігімен оқушыларға «Ғажайып сандықтан» сыйлықтарын үлестіріп, ерекше көңіл күйді әсем әуен жалғады. «Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші, жақсылықтың ұрығын алып келді десеңші» сынды халық даналығының үлгісін жалғастырып келе жатқан №84 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігінің бұл бастамасы – бала жанына ізгілік, мейірімділік сәулесін ұялата отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Аяз Ата мен әкімшілік тарапынан сыйлық пен шат көңілге бөленген Жаңа жылдық кешке қатысушылардың есінде аталмыш іс-шара мәңгі қаларлықтай.
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектеп ұжымы барша Қазақстан халқын, білім ошақтарын, ата-аналарды, жанына жақсылықты серік еткен шәкірттерді келе жатқан тышқан жылымен құттықтай отырып, төмендегі ақ тілегін арнайды:
Жаңа жылда бақыт, шаттық тұнсын тек,
Отбасында сән-салтанат құрсын көп.
Тышқан жылы жетістікке бастасын,
Белестерге беталысын бұрсын деп!