Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектепте қаңтардың 23 күні Кеңес Одағының батыры Зоя Космодемьянская атындағы көшенің мейрамы » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектепте қаңтардың 23 күні Кеңес Одағының батыры Зоя Космодемьянская атындағы көшенің мейрамы
23
январь
2020

Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектепте қаңтардың 23 күні Кеңес Одағының батыры Зоя Космодемьянская атындағы көшенің мейрамы

Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектепте қаңтардың 23 күні Кеңес Одағының батыры Зоя Космодемьянская атындағы көшенің мейрамы аталып өтті. Зоя Анатольевна Космодемьянская (08.09.1923 - 29.11.1941 жж) Тамбов облысында дүниеге келген. Ұлы Отан Соғысы кезінде Зоя партизан отрядында қызмет етіп, ерекше ерлікпен қаза тапты. 1942 жылы 16 ақпанда комсомолшы Зоя Кеңес Одағының батыры атағын алды. 1942 жылы қаңтар айының 27 жұлдызында жарық көрген газетте "Таня" атты мақаласы арқылы Кеңес Одағына танылып, әлі күнге дейін ел аузында. Осы орайда мектебіміздің оқушылары видеорепортаж жүргізіп, концерттік бағдарлама қойды,концертке еңбек ардагерлерін қонаққа шақырды. Түрксіб ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Байгутдинова Галия Аскаровна Түрксіб ауданы әкімшілігінің атынан еңбек ардагерлері мен мектебіміздің үздік оқушыларына сыйлықтар табыстап, оқушыларды Жас ұлан, Жас қыран ұйымдарына қабылдады.