«Әке – отбасының тірегі» » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
21
февраль
2020

«Әке – отбасының тірегі»

Алматы қаласы КММ №84 жалпы білім беретін мектептің «Жаңартылған білім – болашақтың кепілі» атты бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі Бекмуратова Лиза Абдумаликқызының ұйымдастыруымен «Әке – отбасының тірегі» атты әкелер сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: ата – ана, мұғалім, оқушы арасында тығыз байланыс орнату, отбасы құндылықтарын дәріптеу, оқушыларды адамгершілікке, шығармашылыққа тәрбиелеу. Сайыстың қорытындысы бойынша 3 «Б» сыныбының намысын қорғап шыққан Жұмабаев Алихан, әкесі Байюсупов Камалатдин «Бас жүлде», 2 «А» сынып оқушысы Нұрдаулетқызы Айзере, әкесі Смагулов Аманжол І орын, 4 «Ә» сынып оқушысы Жолшы Ерсұлтан, әкесі Тыныбаев Манап І орын, 3 «А» сынып оқушысы Әшірбай Еркеназ, әкесі Шонтаев Ерлан ІІ орын, 2 «Ә» сынып оқушысы Орынтай Бекжан, ағасы Саржайов Тілектес ІІ орынға ие болды. Жарайсыздар! Әкелер қауымы жасасын!