29
февраль
2020
"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен Елбасының «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарының 13-қадамының жемқорлыққа қарсы күресті күшейту міндеттерін іске асыруда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
Елбасының «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарының 13-қадамының жемқорлыққа қарсы күресті күшейту міндеттерін іске асыруда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен білім беру ұйымдарындағы мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру аясында «Адал ұрпақ» ұйымының ерікті оқушылар қоғамы құрылды. Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында оқушылардан құралған «Адал ұрпақ ерікті мектеп клубының мақсаты мен міндеттері бекітілді. Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы рухани адамгершілікке және азаматтық патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асырып, жастардың саяси-құқықтық білімін тереңдетуге ықпал етеді. Осы орайда мектеп оқушыларынан тұратын «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының басты мүшелері сайланды. Оған 40 оқушы тағайындалды. 2018-2019 оқу жылындағы жауапты мүшелері қайта сайланды. Сайлау нәтижесі бойынша 8 «А сынып оқушысы Асанханова Амина «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының лидері болып сайланды. Қазіргі таңда мектеп бойынша «Адал ұрпақ» еріктілер клубындағы оқушылар саны 110.





