Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 ЖББ мектепте 2019-2020 оқу жылының аяқталу құрметіне маусымның 4 күні «ТҮЛЕК 2020» атты Қазақстан Республикасының жа » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 ЖББ мектепте 2019-2020 оқу жылының аяқталу құрметіне маусымның 4 күні «ТҮЛЕК 2020» атты Қазақстан Республикасының жа
04
июнь
2020

Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 ЖББ мектепте 2019-2020 оқу жылының аяқталу құрметіне маусымның 4 күні «ТҮЛЕК 2020» атты Қазақстан Республикасының жа

Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 ЖББ мектепте 2019-2020 оқу жылының аяқталу құрметіне маусымның 4 күні «ТҮЛЕК 2020» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында Еріктілер жылына арналған мектеп бітіру жиыны өтті. Мектеп директоры Молдасанова Союзкан Шорманқызы бітіруші түлектер мен ата-аналар қауымын оқу жылының аяқталуымен, мектеп бітірулерімен құттықтап салтанатты жиынды ашты.Жалпы білім беретін мектеп аттестатыменен 33 оқушы, оның ішінде 11 «А» сынып оқушысы Обылбек Дана, 11 «Б» сынып оқушылары Тойлыби Сунейя мен Мәлік Лаура «Алтын белгі» төсбелгісімен, 11 «А» сынып оқушысы Мухаметкарим Еламан, 11 «Б» сынып оқушысы Жалалова Эльназ «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Жиынға Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының әдіскері Карабалаева Токтаргуль Ахметкалиевна мен Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының майоры Спатаев Сәбит Мұхаметәліұлы қатысты. Бітіруші түлектер мектеп ұстаздарына алғыс тілектерін білдірді. Жауапты: ДОІЖО Джакупова А.А