Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мект » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мект
15
декабрь
2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мект

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектепте 14.12.2020 ж. күні «Туған Қазақстанға сүйіспеншілік» атты эссе және авторлық өлеңдер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: оқушы жастар бойында патриоттық тәрбиені нығайту, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырудағы өзіндік шығармашылық әрекет ортасын қалыптастыру. 5-11-сыныптар аралығында ұйымдастырылған аталмыш байқауға 9 авторлық өлең мен 13 эссе жазба жұмысы қатыстырылды.
5-7-сыныптар аралығында авторлық өлең сайысы бойынша 1-орынды 5 «в» сыныбының оқушысы Ескермесқызы Сабина иеленсе, ІІ орынды 6 «ә» сыныбының оқушысы Қожағұл Айдана мен 5 «а» сынып оқушылары Жұмахмет Салтанат пен Әбілхан Нұрислам қанжығалады. 3-орынға 6 «а» сынып оқушысы Жексенбай Алуа мен 7 «а» сынып оқушысы Абдрахман Аяна табан тіреді.
8-9-сыныптар бойынша авторлық өлең сайысында 1-орында 9 «а» сынып оқушысы Асанханова Амина, 2-орында 8 «а» сынып оқушысы Қуанышбай Ақниет, 3-орынды 9 «б» сынып оқушысы Манап Арсен иеленді.
Эссе жазба жұмысы бойынша қорытынды (5-7-сыныптар):
1-орын: 6 «ә» сынып оқушысы Манарбек Шекер мен 5 «а» сынып оқушысы Обылбек Мардан;
2-орын: 5 «в» сынып оқушысы Ескермесқызы Сабина, 5 «б» сынып оқушысы Омаржанұлы Ерсайын, 7 «в» сынып оқушысы Қалел Аружан;
3-орын: 5 «а» сыныбының оқушылары Қайрмұхамед Бибала мен Қырғызбай Іңкәр, 6 «а» сынып оқушысы Жусипамет Аяулым.
8-9-сыныптар аралығында:
1-орын: 9 «ә» сынып оқушысы Балымбетова Әсел;
2-орын: 9 «б» сынып оқушысы Тұрсынәлі Қарақат пен 9 «а» сынып оқушысы Асарбай Хантемір

Қатысушылардың барлығы мадақтамалармен марапатталды.
Барша қатысушыларға шығармашылық қаламдарыңыз қарымды, бетке ұстар тұлғаларыңыз дарынды болсын дегіміз келеді.

Похожие публикации: