24
октябрь
2022
25 қазан - Республика күніне орай "Қыран елім - Қазақстаным!" тақырыбында 5 "б", 6 "ә" сыныптарының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-ш
25 қазан - Республика күніне орай "Қыран елім - Қазақстаным!" тақырыбында 5 "б", 6 "ә" сыныптарының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүюге, туған тіліне, еліне деген деген сүйіспеншілігн арттыра отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Салтанатты іс-шараны мектеп директоры Молдасанова Союзкан Шорманқызы құттықтау сөзімен ашты. 1990 жылдан бастап қазанның 25-сі – Республика күні болып белгіленген еді. Арада аздаған үзілістермен 2022 жылдан бастап 25 қазан қайтадан Республика күні ретінде аталатын болды. Салтанатты іс-шара күй атасы Құрманғазының "Балбырауын" күйімен жалғасты. Елімізге арналған патриоттық өлеңдерде оқылды. Іс-шара тамаша әнмен толығып, мың бұралған бишілердің биімен әрленді.
Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан-байтақ Республикам бұл менің – дей келе, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік!

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан-байтақ Республикам бұл менің – дей келе, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік!
