07
январь
2023
Қысқы демалыс кезеңіндегі «Қыста оқимыз» іс-шарасы негізінде №84 жалпы білім беретін мектептің 7,8-сынып оқушылары кітап оқып, өзіндік ой талдау видео
Қысқы демалыс кезеңіндегі «Қыста оқимыз» іс-шарасы негізінде №84 жалпы білім беретін мектептің 7,8-сынып оқушылары кітап оқып, өзіндік ой талдау видеоларын түсірді. Аталған іс-шараның әдістемесіне сай кітап оқу орнын жабдықтау, кітаптың кейіпкерінің суретін салу, сыни пікірін ұсыну т.б. әрекеттер жүзеге асырылды. Оқушылар әлеуметтік желілерінде #қыстаоқимыз хэштегімен өз жұмыстарын жариялап отырды. Қазақ әдебиеті пәні мұғалімі А.Т.Исламова оқушылардың көркем шығармаға қызығушылығын арттыру жұмыстарына креативті қарап, шығармашылықтарын дамытуға бағыт беріп келеді. Оқушылар өз демалыстарын кітап оқу арқылы қызықты өткізе білді #қыстаоқимыз