«Тіл мерейін арттырғандар, еңбекпен нұр таптырғандар» атты тақырыпта журналист-жазушылар Мұрат Тоқашбаев пен Раушан Қаршаловамен кездесу өтті. » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » » «Тіл мерейін арттырғандар, еңбекпен нұр таптырғандар» атты тақырыпта журналист-жазушылар Мұрат Тоқашбаев пен Раушан Қаршаловамен кездесу өтті.
23
сентябрь
2019

«Тіл мерейін арттырғандар, еңбекпен нұр таптырғандар» атты тақырыпта журналист-жазушылар Мұрат Тоқашбаев пен Раушан Қаршаловамен кездесу өтті.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 ЖББМ 2019 жылдың 23 қыркүйек күні, Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі аясында «Тіл мерейін арттырғандар, еңбекпен нұр таптырғандар» атты тақырыпта ҚР Мәдениет қайраткері, «Президент және Халық» газетінің бас редакторы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қайраткері, қазақстан Журналисттер Одағы мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясының профессоры, Алматы облысы мен Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, Қазақстан академиктері белгілеген «Ұлт патриоты» атағының иегері Марат Тоқашбаев және Қазақстан журналисттер одағы сыйлығының лауреаты , «Қазақстан патриоты» журналының бас редакторы, жазушы Раушан Қаршаловамен кездесу өтті. Кездесуге мектеп оқушылары мен ұжымы қатысты. Аталмыш іс-шара барысында сыр-сұхбаттың құрметті қонақтары Мұрат мырза мен Раушан ханым өз өмірбаяны мен шығармашылық жолдарын таныстыра отырып, тілшілік қызметке қалай келгендері, ұлттық арнада жұмыс істеген кездегі ең қызықты оқиғалары, қазіргі кездегі ана тіліміз - қазақ тілінің деңгейі, тазалығы сынды тақырыптарда жас журналистерімізбен сұхбаттасты.Елбасымыздың "Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар" атты бағдарламасы төңірегінде өткен бұл кездесу шәкірттеріміз бен ұстаздарымызға тәрбиелік мәні зор, патриоттық сезімді оятқан, тілге деген, елге деген махаббатты күшейткен жоғары дәрежеде өткен кездесу болды.