Алматы қаласы Білім басқармасының
«№84 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
eOtinish.kz
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектепте ақпан айының 14-жұлдызында «Мектеп магистрлерінің ғылыми білім беру ортасын құрудағы іс-
14
февраль
2023

Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектепте ақпан айының 14-жұлдызында «Мектеп магистрлерінің ғылыми білім беру ортасын құрудағы іс-

Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектепте ақпан айының 14-жұлдызында «Мектеп магистрлерінің ғылыми білім беру ортасын құрудағы іс-әрекетінің заманауи жүйеленген алгортимі мен перспективалық жолдары» атты қалалық семинар болып өтті. Семинарға ҚББЖТҒӘО-ның ғылыми әдістемелік және инновациялық жұмыстар жөніндегі бөлім жетекшісі А.А.Сайлыбаев, республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы Ғ.Б.Іркітбай, Түрксіб ауданы Білім бөлімінің басшысы Г.Ж.Жомартбай, ҚББЖТҒӘО-ның Түрксіб аудандық әдіскері Р.Х.Мухамадиева, Түрксіб аудандық мектептерінің директорлары мен магистрлері қатысты. Қатысушылар бағдарламаның әр түсіне байланысты семинарларға бөлінді. Атап айтсақ, «Ғылыми бағыттағы білім беру ортасын құрудың теориялық және цифрлық мүмкіндіктері» атты коуч-семинарды магистрлер Н.Б.Зинекешова мен А.Т.Исламова, «Оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын «Табиғи жолмен» дамыту» атты семинарды магистр Б.Е.Ержанова, «Тіларалық байланыстағы концепт ұғымы» атты семинарды магистр А.С.Полатова, «Digital Storytelling аs a Creative Teaching Method» атты семинарды магистр А.А.Сманова, «Мектеп және дебат» атты семинарды магистр М.А.Куатбекова, «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында «Менің сүйікті кітабым» кітап оқу клубы мен шахматтың байланысын кіріктірген магистрлер А.Д.Издамасова мен Н.Б.Куралбаев, «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында мектепті басқаруға жаңа тәсілдерді енгізу» атты коуч-семинарды магистр Г.М.Нысан жүргізді. Әр магистрдің ғылыми диссертациялық жұмыстарының тақырыптары және мектептегі әрекеттері арасындағы байланысты көрсету мақсатында ұйымдастырылған семинар барысында магистрлер өздерінің жетекшілік ететін шығармашылық клубтарының жұмыстарымен, ТикТок-тағы контенттерімен, сайт бағыттарымен таныстырып, тәжірибе бөлісті.
Оқу-ағарту министрлігінің кезекті кездесулерінің бірінде магистрлердің үстемеақы алатыны жайлы сауал тасталған еді, міне, осы семинар магистрлердің ғылыми зерттеушілік дағдысының өте жоғары деңгейде қалыптасқандығын көрсетіп, нәтижелі іс-әрекеттің жемісі болды. Қатысушылар өткізілген семинарларға жоғары баға беріп, кері байланыс жасады. Осының барысында қалалық магистрлер клубын құру, магистрлер курсын ұйымдастыру, мектептер арасындағы магистрлердің жұмысын жандандыру сынды ұсыныстар да келіп түсті.

Похожие публикации: