02
март
2023
№84 ЖББ мектепте 28 ақпан бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімдері Г.А.Есбаева мен А.А.Сырлыбаеваның ұйымдастыруымен
№84 ЖББ мектепте 28 ақпан бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімдері Г.А.Есбаева мен А.А.Сырлыбаеваның ұйымдастыруымен 2 сынып ата-аналарының қатысуымен «Алтын қақпа» аналар мен балалар сайысы өтті. 2 «А» сыныбы «Лаула», 2 «Ә» сыныбы «Алау», 2 «Б» сыныбы «Жалын» атты үш топ сайысқа түсті. Сайыс барысында қатысушылар топ аты, эмблемасына тоқталды. Әртүрлі тақырыпта жылдамдық пен белсенділік танытатын векториналық сұрақтарға жауап беріп, өз өнерлерін көрсетті. Сайыс соңында 2 «А» сыныбы «Лаула» тобы «Шебер топ», 2 «Ә» сыныбы «Алау» тобы «Тапқырлар», 2 «Б» сыныбы «Жалын» тобы «Білімділер» номинациясымен марапатталды. Сайысқа белсенділік танытып қатысқан ата-аналарға үлкен алғыс айтамыз.
Жауапты ДОІЖ орынбасары Кокекова А.А.
Жауапты ДОІЖ орынбасары Кокекова А.А.