Алматы қаласы Білім басқармасының
«№84 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
eOtinish.kz
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » №84 ЖББ мектепте 1 наурыз күні бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Арапбаева Айжан Абдихайовна 2
04
март
2023

№84 ЖББ мектепте 1 наурыз күні бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Арапбаева Айжан Абдихайовна 2

№84 ЖББ мектепте 1 наурыз күні бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Арапбаева Айжан Абдихайовна 2 «А» сыныбында математика пәнінен “Көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табуға берілген есептер” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табу, кері есептер құрастыру және шығару. Сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық,өздік жұмыстар орындады.“Жұмыртқа жинау” ойыны арқылы көбейту кестесін қайталады. Шығармашылық жұмыс ретінде ұйымдастырылған “Кім жылдам?” ойыны өте қызық болды.Балалар белгісіз компоненттерді тапты,есептер шығарып,кері есептер құрастырды.Жаңа сабақты толық меңгерді.
Жауапты ДОІЖ орынбасары Кокекова А.А.