Алматы қаласы Білім басқармасының
«№84 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
eOtinish.kz
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
27
сентябрь
2019

«Абайлаңыз,балалар!» атты айлықтың өткізілуі

КММ №84 ЖББМ 2019 жылдың 03-30 аралығында оқушылардың жол-көлік жарақаттанудың алдын алу, балалар арасында қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздерін және жол ережелерін кеңінен насихаттау мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» атты жедел – профилактикалық шара өткізілді. Аталмыш іс- шара барысында жұмыс жоспары құрылып, уақытыл өткізіліп отырды. 1-4 сыныптарда «Жол ережесін есте сақта!», 5-8 сыныптарда «Өтер жолда абай бол», 9-11 сыныптарда «Жол белгілері және оның мақсаты» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. 1-4 сынып оқушыларына «Қауіпсіз балалық шақ» атты тақырыпта бейнеролик , «Жол ережесі – баршаға ортақ» лездеме, «Абайлаңдар, балалар!» танымдық сабақ, «Сенің мектепке жолың» 1-4 сыныптар оқушыларының үйден мектепке дейінгі схемасы, «Назар аударыңыз, бағдаршам!» тақырыптарында іс-шаралар мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.