Алматы қаласы Білім басқармасының
«№84 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
eOtinish.kz
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » Бүгін Алматы қаласы,Түрксіб ауданы №84 ЖББ мектептің ұйымдастыруымен Ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне ашылған саябақта
15
февраль
2020

Бүгін Алматы қаласы,Түрксіб ауданы №84 ЖББ мектептің ұйымдастыруымен Ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне ашылған саябақта

Бүгін Алматы қаласы,Түрксіб ауданы №84 ЖББ мектептің ұйымдастыруымен Ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне ашылған саябақта Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымыздың құрметіне гүл шоқтары қойылып, 1 минут үнсіздік жарияланды. ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып,алғы сөз кезегі тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымыз ардагерлер ұйымының үйлестіру кеңесінің төрағасы Абдушукуров Мурат және Ауғанстан ардагерлері одағының төрағасы Амраев Абуджан Абдусатаровичке берілді.Соңы мектеп оқушыларымыздың дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты. Алимжанова Алуаның орындауында «Журавли» әні, Баратов Санжардың орындауында "Батырлар ұраны" әні, 7 сыныптың қыздарының орындауында «Аманат» биі,Сембек Дария мен Обылбек Дананың орындауында «Алға Қазақстан» әні, Абат Аружан , Төлеген Ескендір және Дүйсенәлі Аяланың жыр шашулары сахна төрінде көрініс алды. Аталмыш іс-шара өте жоғарғы деңгейде өткізілді.