Алматы қаласы Білім басқармасының
«№84 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
eOtinish.kz
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 ЖББМ қазан айының 28 күні 10 «А» және 10 «Б» сыныптардың ұйымдастыруымен 5-7 және 8-9 сыныптар арасында «Дисней фол»
29
октябрь
2022

Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 ЖББМ қазан айының 28 күні 10 «А» және 10 «Б» сыныптардың ұйымдастыруымен 5-7 және 8-9 сыныптар арасында «Дисней фол»

Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 ЖББМ қазан айының 28 күні 10 «А» және 10 «Б» сыныптардың ұйымдастыруымен 5-7 және 8-9 сыныптар арасында «Дисней фол» тақырыбында күзгі бал сайысы өтті🍁🍁🍁.
Мақсаты: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегі арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.Балаларды ұқыптылыққа, жан-жануарларға қамқор болуға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
🍁🍁🍁Күз мезгілі берекелі,мерекелі,қасиетті - күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес екенін айта келе,келесі сөз кезегін мектебіміздің директоры Молдасанова Союзкан Шорманқызына берді.Басшымыз оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп,қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс болған соң әділқазыларсыз болмайды.
Сайысымыздың сарапшылары:
1.Бастауыш сынып мұғалімі Өзбекбаева Рая Сражадинқызы
2. Музыка пәні мұғалімі Біләлов Айбек Біләлұлы
3. Бастауыш сынып мұғалімі Куанышева Алмагуль Артыкбаевна
4. Көркем еңбек пәні мұғалімі Кулаева Раногул Абдулхайровна
5. Өзін өзі басқару ұйымының президенті Далибаева Жания
Сайыс барысында 13 сынып бағын сынады,мың бұралып би билеп,актерлік шеберлігімен тамсандырды.
Әр сыныптың ұл-қыздары сайысқа өте жоғары деңгейде дайындалып,көрермендердің көңілінен шығуға тырысты.Қатысушылардың дайындықтары жоғары деңгейде болғандықтан,әрқайсысын бағалауға қиынға түсті. «Дисней фол» тақырыбында өткен күзгі бал сайысының қорытындысы бойынша қатысушылардың арасынан төмендегі сыныптар озып шықты:
5-7 сыныптар арасында:
🥇I орын – 6 «А» сыныбы
🥈II орын – 7 «А» сыныбы
🥉III орын – 6 «Б» сыныбы
8-9 сыныптар арасында:
🥇I орын – 9 «Б» сыныбы
🥈II орын – 9 «А» сыныбы
🥉III орын – 9 «Ә» сыныбы
Қалған қатысушыларға әртүрлі номинация беріліп,марапатқа ие болды.🏅🏅🏅.
Барлық қатысушы оқушыларды жеңістерімен құттықтай отырып,алар асулары мен бағындырар белестері көп болсын дейміз👏👏👏👏
.