13
январь
2023
Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектепте қаңтар айының он екінші жұлдызында педагогтер мен ұлтаралық келісім, біртұтастықты алға
Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектепте қаңтар айының он екінші жұлдызында педагогтер мен ұлтаралық келісім, біртұтастықты алға тартқан Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан ұйғыр жастарының төрағасы Кайрыев Рустам Абдусаламович @rustam.kairyyev, «Ассамблея Жастары» Алматы қаласы аймақтық қоғамдық ұйымының белді мүшесі Торосян Анна Артуровна @anna_torossyan66 жас көшбасшы Йылмаз Сафарауль @iylmaz.online, «AMANAT» партиясы Түрксіб аудандық филиалының атқарушы хатшысы Серікболсын Сарыбаев @sarybaiserikbolsyn және жас көшбасшы Мустафаев Аладин Алиевич @aladin_mustafayev қатысты. «Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі» атты кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс жасау бағыттарының жаңашылдығы мен маңыздылығы талқыланып, қолға алынған жобалардың перспективалық аясы қарастырылды. Келешекте сұранысқа ие болатын мамандықтардың да профориентациялық маңыздылығы қарастырылды. Ұлтаралық келісім мен татулықтың негізі №84 жалпы білім беретін мектеп ұжымы мен оқушыларына тән екенін атап көрсеткен мектеп басшысы С.Ш.Молдасанова @soiuzkhan_shormanovna қоғамдағы айтулы өзгерістердің жүзеге асып жатқанын алға тартты. Мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Е.В.Провкина ұлттық келісімнің тамаша үлгісін өз ұжымынан көріп келе жатқанын баса айтып, жазу каллиграфиясы бағытында мектепте пән енгізу ұсынысын ортаға тастады. Бастауыш сынып мұғалімі А.А.Абумуслинова да ұлттық татулықтың маңыздылығын ұйғыр ұлты ретінде атап көрсетті. Түйін сөзді аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Т. Исламова @olen_aigerim өз шығармашылығынан ұлтаралық келісімге, Қазақстан халқы Ассамблеясына арнаған төмендегі арнау өлең жолдарымен қорытындылап берді:
Сан ұлт бірге қадамдаған халықпыз,
Қонақжайлық қасиет те дарыпты із.
Ассамблея аясында достығы,
Жарасатын арнамызды таныппыз.
«Досы көпті жау алмайды», білеміз,
Сондықтан да тату болып жүреміз.
Біртұтастық – ұранымыз әрдайым,
Бейбіт күннің астында шат күлеміз.
Барша ұлтқа ортақ мақсат – келісім,
Кеңейеді татулықта өрісім.
Бірегейлік, сыйластық пен түсіну,
Қазақстан – сан жылдағы жемісің!
Көпұлтты ел, дегенменен озықпыз,
Тарихты да қонақжай деп жазыппыз.
Мұның бәрі – егемендік асқағы,
Отанымыз – тірек, негіз, қазықпыз.
Кездесу соңында педагогтер алғысын білдіріп, өз ұсыныстарын айтты.
Сан ұлт бірге қадамдаған халықпыз,
Қонақжайлық қасиет те дарыпты із.
Ассамблея аясында достығы,
Жарасатын арнамызды таныппыз.
«Досы көпті жау алмайды», білеміз,
Сондықтан да тату болып жүреміз.
Біртұтастық – ұранымыз әрдайым,
Бейбіт күннің астында шат күлеміз.
Барша ұлтқа ортақ мақсат – келісім,
Кеңейеді татулықта өрісім.
Бірегейлік, сыйластық пен түсіну,
Қазақстан – сан жылдағы жемісің!
Көпұлтты ел, дегенменен озықпыз,
Тарихты да қонақжай деп жазыппыз.
Мұның бәрі – егемендік асқағы,
Отанымыз – тірек, негіз, қазықпыз.
Кездесу соңында педагогтер алғысын білдіріп, өз ұсыныстарын айтты.