Қамқорлық акциясы » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
26
июль
2019

Қамқорлық акциясы

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды, – демекші мектебіміздің ұстазы Аукенов Біржан Кеңесханұлы демеушілік танытып,оқушыларымызға оқу-құрал жабдықтарын табыс етті.
Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей көпбалалы отбасынан шыққан, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақандарыңызды тосып, жүрек жылуын ұсынып, сауабы мол іске атсалысқандарыңыз үшін барлық демеушілерімізге рахмет айтып,алғысымызды білдіреміз.

№84 ЖББМ әкімшілігі