06
октябрь
2022
Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектепте қазан айының 6 жұлдызында «AMANAT» партиясының Түрксіб аудандық филиалы жанындағы мемлек
Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектепте қазан айының 6 жұлдызында «AMANAT» партиясының Түрксіб аудандық филиалы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Токмурзиев Мурат Тлешевичпен кездесу өткізілді. Бұл кездесудің мақсаты – «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйек күнгі Жолдауын талқылау, басым бағыттарды педагог қауымымен айқындау. Жолдауда жүктелген міндеттер мен басты мәселелерді жүзеге асыру үшін қажетті күш пен бірліктің маңыздылығын атап өткен ел қалаулысы БЕС БАҒДАР бойынша жұмыстардың басталып кеткенін тілге тиек етті. Үшінші бағдар ретінде қарастырылған «ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ» арнасында денсаулық сақтау, білім беру, зейнетақы жүйесін реттеу, әлеуметтік қамсыздандыруды дұрыс жүйелеу, мемлекет негізі саналған халықтың өмір сүру көрсеткішін дамытуға байланысты мәселелердің маңыздылығын баса атап өтті. Спикер болып мектебіміздің директоры Молдасанова Союзкан Шормановна Жолдауға қатысты өз ойын ортаға салып, педагог әріптестерімен ойталқы жасады. Жолдауға қатысты туындаған бірқатар сұрақтарға Мурат Тилешевич жауап беріп, екіжақты байланыс жүзеге асырылды. «Біз таңдаған жолымыздан айнымаймыз!», «Ендеше, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!», «Қасиетті Отанымызды бірге өркендетейік, ағайын!» - деген Жолдаудың жалынды сөздерімен кезекті кездесу өз мәресіне жетті.
Жауапты: ДТІЖО Д.Е.Мурзагалиев
Жауапты: ДТІЖО Д.Е.Мурзагалиев