Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирде көрсетіліп, мемлекет дамуына қажетті өзгерістер мен реформалардың бір » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирде көрсетіліп, мемлекет дамуына қажетті өзгерістер мен реформалардың бір
16
март
2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирде көрсетіліп, мемлекет дамуына қажетті өзгерістер мен реформалардың бір

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирде көрсетіліп, мемлекет дамуына қажетті өзгерістер мен реформалардың бірыңғай жобалары мен идеялары айтылды. Мемлекеттік басқару мен оның саяси жүйелеріне қажетті өзгерістердің, елді дамыту жобаларының маңыздылығына тоқталды. Саяси жаңғырудағы басты қадам ретінде пропорционалды сайлау ісіне, жаңаша тәсіліне қадам басу идеясын ұсынды.
Семей аумағында Абай облысын құруды, Жезқазған жерінде Ұлытау облысын, Алматы облысы жерінде Алматы және Жетісу облыстарын белгілеуді, Қапшағай қаласын Д.Қонаев есімімен атауға ұсыныс түссе, қабылданатынын жария еткен Президентіміз қайта жаңғырып, ұлттық мұрамызға, туған жеріміз бен айтулы тұлғаларымызға деген құрметтің биігін танытуды алға тартты. Осы бағыты озық ел ретіндегі игі бастама деп ойлаймыз. 
Президентіміздің «Жаңа Қазақстанды» дамытуға қатысты саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік бастамаларына қолдау көрсете отырып, күш-жігер мен қажыр-қайратымызды барынша жұмсаймыз.

Похожие публикации: