01
июнь
2023
01 маусым күні Алматы қаласы Түрксіб ауданы «№84 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде соңғы қоңырау мерекесіне арналған сал
01 маусым күні Алматы қаласы Түрксіб ауданы «№84 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді. Аталған мерекені спорттық және шығармашылық жарыстардың жеңімпаздары ашып беріп, ҚР Мемлекеттік Туын кіргізу салтанатымен жалғасты. Мемлекеттік Гимн орындалып, 2022-2023 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектер салтанатты шерумен ортаға шықты. Мектеп директоры С.Ш.Молдасанова құттықтау сөз кезегін алып, кәсіби біліктілігімен танылған педагогтерді марапаттап сәттілік тіледі. 2022-2023 жылы түлеп ұшатын шәкірттер ортаға шығып, дәстүр бойынша вальс биледі. Соңғы қоңырау мерекесіне арналған жиын концерттік бағдарламамен айшықталды. ҚР Туын шығару рәсімі орындалып, жиын өз мәресіне жетті. "1 маусым" балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келген салтанатты жиын өте жоғарғы деңгейде өтті.Жауапты: ДТІЖ орынбасары Мурзагалиев Д.Е.

