04
июнь
2022
«Жаңа тарихымыздағы ерекше маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнінің белгіленуі. 1992 жылы 4 маусым күні Қазақ
«Жаңа тарихымыздағы ерекше маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнінің белгіленуі. 1992 жылы 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимнінің музыкалық редакциясы туралы» заңдарына қол қойылды. Биыл сол Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толып отыр. Бүгінде өткенге салауат, келешекке аманат етер Гимніміз, халқымыздың тарихи жолын, туған еліміздің тұрмыс-тіршілігін, ұлтымыздың салт-дәстүрін паш етер Елтаңбамыз, қолымызда желбіреген Көк байрағымыз бар. Қазақстанды мекен еткен әр түрлі халық өкілдерінің рухани бірігуіне деген ұмтылысын, болашаққа деген сенімін арттыруды дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта президент тапсырмасына сәйкес мемлекеттік рәміздер күнін атап өту бойынша КММ 84 жалпы білім беретін мектепте оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен "Мемлекеттік Гимн айту" челленджі ұйымдастырылды.Мақсаты - мемлекеттік рәміздердің құндылығын халық арасында кеңінен насихаттау.
Жауапты: ДТІЖО Д.Е.Мурзагалиев

Жауапты: ДТІЖО Д.Е.Мурзагалиев
