10
октябрь
2019
"Қыз болашағы - ел болашағы!" қыздармен жұмыс
Алматы қаласы Түрксіб ауданы 84ЖББМ 2019 жылдың 10 қазан күні "Қыз болашағы - ел болашағы" тақырыбында 8 сынып қыздарымен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. "Ел жастары" бағдарламасының жетекшісі Айтқалиева Н. мен мектеп медбикесі Мамедова Б. жасөспірім қыздарға жеке бас гигиенасы, қоғамдық орындағы тәртіп, қыз балаға деген тиымдарды таныстыра отырып, Ата заңында көрсетілгендей еліміздің барлық азаматы тегін білім алуға,емделуге құқылы екендігін айтып өтті. Әңгімелесу барысында қыз баланың қолында тұтастай елдің тағдыры тұрғандығын атап көрсетіп, инабатты,ибалы, тәртіпті болуға шақырды.