«Отбасы – тәрбие басы,мектеп – тәрбие жаршысы» республикалық бірыңғай сынып сағаты 25.10.2019ж. » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
eOtinish.kz
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » «Отбасы – тәрбие басы,мектеп – тәрбие жаршысы» республикалық бірыңғай сынып сағаты 25.10.2019ж.
25
октябрь
2019

«Отбасы – тәрбие басы,мектеп – тәрбие жаршысы» республикалық бірыңғай сынып сағаты 25.10.2019ж.














Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Айтқұлованың 2019 жылдың 25 қазанда сағат 12:00-де «Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағатын өткізу туралы 23 қазандағы № 05-3-3/881 хатын негізге ала отырып, «Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы» бірыңғай сынып сағатын өткізу туралы мектеп директорының бұйрығы шығарылып, іс-шаралар жоспары құрылды.
Жұмыс жоспарына сәйкес «Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы» тақырыбында 1-4 сыныптарда әңгіме сабақ, 5-7 сыныптарды сынып сағаттары өткізілді. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасатынын әр ата-ана да, оқушы да өз сөздерімен еркін жеткізе білді. Тәрбие отбасынан басталатынын ескере отырып, оқушыларға отбасы туралы жан-жақты мағлұматтар берілді.Адам бойындағы мейірімділік, адамгершілік сезім ең алдымен туған бауырлары мен ата-анасына деген махаббаттан басталатынын оқуышларға түсіндіру үшін қанатты сөздерді талдап, бейнекөрсетілім көрсетілді. Беріліп отырған сұрақтарға ата-аналар да, оқушылар да жүйелі түрде жеткізе білді. Оқушылар отбасы туралы өлеңдерін мәнерлеп айтып, отбасына деген мейірімін ояту үшін «Ана», «Әкешім» әндерін орындады.
Жоғарғы 9-11 сынып оқушыларымен «Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы» тақырыбында пікір-талас өткізді. Пікір таластың мақсаты отбасы, отбасысының бала тәрбиесінде алатын орны, ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі ой салу. Пікір-талас барысында видеоролик көрсетіліп, оқушылар отбасы деген сөзге өз ойларын айтып, сұрақтарға жауап берді.
Бастауыш сынып пәні мұғалімі А.Асылбектің ұйымдастырыуымен мектеп фойесінде бастауыш сынып оқушыларының «Менің мектебім», «Менің отбасым» тақырыптарында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
5-8 сынып оқушылары арасында «Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы» тақырыбында шығармарлар байқауы өткізіліп, ең үздік деп танылған жұмыстар мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.
«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері 7 сынып оқушыларымен «Отбасы және мектеп ынтымақтастығы» тақырыбында флешмоб, 8-11 сынып оқушылар арасында «Мен отбасыммен мақтанамын!», «Отбасы ошағыңның жылуы» сынды тақырыптарда бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерге жүктелді.