Бүгін №84 жалпы білім беретін мектепте «Өз статусыңды анықта» атты Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күніне орай 8, 9-сыныптар арасында сайыс өткізілді. Мек » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » Бүгін №84 жалпы білім беретін мектепте «Өз статусыңды анықта» атты Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күніне орай 8, 9-сыныптар арасында сайыс өткізілді. Мек
15
ноябрь
2019

Бүгін №84 жалпы білім беретін мектепте «Өз статусыңды анықта» атты Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күніне орай 8, 9-сыныптар арасында сайыс өткізілді. Мек

Бүгін №84 жалпы білім беретін мектепте «Өз статусыңды анықта» атты Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күніне орай 8, 9-сыныптар арасында сайыс өткізілді. Мектеп оқушылары арасында ауыр дерт туралы жалпы түсінік, жұғу жолдары мен таралу көздері, алдын-алу шаралары сияқты бағыттарда тереңірек ұғым қалыптастыру мақсатындағы іс-шараны мектептің жас маманы Индира Баянғожина ұйымдастырды. Ғасыр дерті саналып отырған аталмыш дерт жөнінде видеоролик көрсетіліп, оқушылардан түсінік сұралды. Сайыс барысында 8 А, 8 Ә, 8 Б, 9 А, 9 Ә, 9 Б-сыныптары таныстыру, авторлық өлең, үй тапсырмасы, мақал-мәтелдерді жатқа айту, қабырға газетін қорғау, стиуациялық жағдаяттан шығу сынды кезеңдерде бақ сынады. «Ғасыр дерті», «Болашақ», «Салауат», «Денсаулық» т.б. аталған топтар аталмыш іс-шарада ЖҚТБ жөнінде білім мен біліктерін кеңінен таныта білді. Физика пәнінің мұғалімі Күләй Устемирова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Сабирова және мектеп мейірбикесі Балаханум Мамедованың қазылық етуімен өткен бұл сайыста 3-орынды 9 Ә сыныбы, 2-орынды 9 А сыныбы қанжығалады. Таныстыруы, қабырға газеті мен мақал-мәтелді жатқа айтуы бойынша оқ бойы оза шыққан 8 б сыныбы 1-орын иегері атанып, аудандық сайысқа жолдама алды. ЖҚТБ жөнінде білімді тереңдету бағытында өткізілген бұл сайыс оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, жан-жақты ізденіске баулу мақсатына да жетті.