1 - сынып оқушыларымен дайындық сабақтары » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
01
август
2019

1 - сынып оқушыларымен дайындық сабақтары

Мектепке дейінгі мекемелердегі сабақтардың мектептегі сабақтардан айырмашылығы айтарлықтай. Кішкентай балалар бір орнында қырық-қырық бес минут отыра алмайды. Оларды мектеп партасына отырғызып үйретудің маңызы зор. Оқыту мен тәрбиенің екінші бөлігі – мектепке даярлау. Бұл кезде баланың бастауыш оқу, жазу, есептеу дағдылары қалыптасады, тіл арқылы қатынасу тәжірибесі дамиды. Бүгін № 84 жалпы білім беретін мектепте оқушыларды 1 сыныпқа даярлау жұмыстары басталып кетті. Білім балаларға ойын түрінде ұсынылады, мектеп жасына дейінгі баланың ойын арқылы сабаққа көңілін аудару оңай. Ойын түрінде қажетті дағдылар қалыптасып, олар ойын барысында пысықталады. Бұл ретте оқытушылар мектепте оқығанда керек болатын дағдыларды қалыптастыруға ерекше назар аударуда.