Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №84 жалпы білім беретін мектепте қаңтар айының 21- і күні «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында Жамбыл Жабаевтың 175- ж » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №84 жалпы білім беретін мектепте қаңтар айының 21- і күні «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында Жамбыл Жабаевтың 175- ж
22
январь
2021

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №84 жалпы білім беретін мектепте қаңтар айының 21- і күні «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында Жамбыл Жабаевтың 175- ж

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №84 жалпы білім беретін мектепте қаңтар айының 21- і күні «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында Жамбыл Жабаевтың 175- жылдығына орай 6-7 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу. Нәтижесінде 7 «в» сынып оқушысы Есболқызы Аружан І – орын, 6 «б» сынып оқушысы Нарзулла Адена ІІ -орын, 7 «б» сынып оқушысы Ерали Малика және 7 «а» сынып оқушысы Жалғасбай Алмат ІІІ – орынды иеленді. Ақын Сәкен Сейфуллин: «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» деген екен. Сондықтан әр оқушы оның өмірін, жырларын білуі керек.Сайысты ұйымдастырушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Сырлыбаева А., Қасымбаева Н. және музыка пәні мұғалімі Билалов А.