№84 ЖББМ "Жастар жылы" аясында жас-айтыскер ақын Сырым Әуезханмен кездесу кеші өткізілді. » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » » №84 ЖББМ "Жастар жылы" аясында жас-айтыскер ақын Сырым Әуезханмен кездесу кеші өткізілді.
25
сентябрь
2019

№84 ЖББМ "Жастар жылы" аясында жас-айтыскер ақын Сырым Әуезханмен кездесу кеші өткізілді.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы 84 жалпы білім беретін мектепте 2019 жылдың 25 қыркүйек күні Жастар жылы және Қазақстан тілдері мерекесі аясында ақындар мүшайрасының "Укілі үміт" номинациясының иегері, "Асыл арна" телеарнасының "Әдептілік,ар-ұят - адамдықтың белгісі" бағдарламасының жүргізушісі, республикалық,халықаралық айтыстардың жүлдегері, жас айтыскер ақын Сырым Әуезхан Асылханұлымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Сырым Асылханұлының өмірбаянына шолу жасалып, айтыскер ақын болуының бірден бір себепкері анасының жастайынан кітап оқуға баулығаны жайлы атап өтті. Оқушыларға тәрбиелік мәні зор, тағылымды әңгімелер айтып, оқуға, өз елін жерін сүюге, ана тілімізді құрметтеп, мәртебесін асыруға шақырды. Мектебіміздің оқушылары "Айтыстағы ең мықты қарсыласыңыз кім болды?, Өмір мен қоғамнан алған сабағыңыз?, Егер сіз президент болсаңыз не істер едіңіз?"және т.б.сұрақтарын қойып, шарамыздың екінші бөлімі мерекелік концертке ұласты. Кеш соңында естелікке оқушылармен, мектеп ұжымымен суретке түсіп, қол таңбасын қалдырды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұстаздары ұйымдастырған шара жоғарғы деңгейде өткізілді.