23
март
2023
Бастауыш сынып онкүндігі аясында бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жетекшісі К.А.Максутова мен ДОІЖ орынбасары А.А.Кокекованың ұйымдастыруымен бас
Бастауыш сынып онкүндігі аясында бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жетекшісі К.А.Максутова мен ДОІЖ орынбасары А.А.Кокекованың ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері арасында «Әрбір шәкір – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!» өнер байқауы өтті. Сайысқа 16 жұп қатысып, ән, би өнерімен сайысқа түсті. 0 «А» сынып Сагитова Айжан Есенгелдіқызы мен Сембек Кәусар «Қазақстан» әнін орындап «Әнші бұлбұл», 1 «А» сынып Джакупова Шекерхан Төлегенқызы мен оқушылары Қуанышбек Бақжан, Нұрлыбай Айша «Туған жер» әнімен «Көрермен көзайымы», 1 «В» сынып Куанышева Алмагүл Артықбайқызы мен Әшім Амина «Сенің анаң алтын» әні «Көрермен көзайымы», 2 «А» сынып Арапбаева Айжан Абдихайқызы мен оқушылары Қожахан Інжу,Нурсултан Дамина,Амир Альмира «Мұқағали Мақатаевтың шығармалары» мәнерлеп оқу «Лирикалық жұп», 2 «Б» сынып Адамбекова Маржан Рахымжанқызы мен Мирғалым Дарын «Ана туралы жыр» әні «Талантты жұп», 3 «Ә» сынып Курманбаева Зағипа Алтынбекқызы мен Нұрлан Марғұлан «Ұстазым» әні «Ең үздік дауыс», 3 «Б» сынып Есбаева Гүльзина Ағабекқызы мен Солтанбеков Ерасыл «Ұстазым» әні «Жарасымды жұп», 3 «В» сынып Абумуслинова Айнурям Абдулджановна мен Кадырова Мирайя заманауи «Попурри» биі «Биші жұп», 4 «А» сынып Максутова Қымбатжан Абильсеитқызы мен 4 «А» сынып оқушылары «Қазақ биі» «Ерекше артисттік жұп», 4 «Ә» сынып Өзбекбаева Рая Сражадинқызы мен Тұрсынбек Мирас «Ұстаз бен шәкірт» әні «Комедиялық жұп», 4 «Б» сынып оқушылары Шәдібек Ақтоты мен Серікқали Дана «Алғыс» әнін орындап «Әнші бұлбұл» номинацияларына ие болды. 0 «Ә» сынып Сырлыбаева Аққу Абдыхамитқызы мен Прмағанбет Ералы «Ертегілер» әні «Ең әдемі жұп» номинациясы мен ІІІ орын, 1 «Ә» сынып Аманбай Гүлзина Рахымбердіқызы мен Махмут Али «Кластастар» әнін орындап ІІІ орын, 2 «Ә» сынып Бекмуратова Лиза Абдималикқызы мен Бауыржан Айлин «Танцуй, танцуй» биі «Ерекше артиттік жұп» номинациясы мен ІІ орын, 1 «Б» сынып Раимбекова Гүлбақыт Маханбайқызы мен Мұхтар Әли, Жолшыбек Сәкен «Ана» әнімен І орын, 3 «А» сынып Кокекова Адема Абеугалиевна мен Қанат Жанәсіл, Касенова Аяна «Анашым» әнімен «Бас жүлде» иеленді. Марапаттарыңыз құтты болсын! Әр жұп өзінің өнерімен ерекшелене білді. Шәкірттеріміздің дарынын аша білсек, жұлдызын жарқырата білсек, ел игілігене қосқан үлесіміз болмас па? «Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді», — деп, бір жұлдызды жаға білсек ол сәулесін көпке шашпас па?...Шебер ұстаз шәкіртінің талант көзін ашады,Еңбек жанса сол шәкірті сәуле боп нұрын шашады...
Жауапты ДОІЖ орынбасары Кокекова А.А.
Жауапты ДОІЖ орынбасары Кокекова А.А.