05
июнь
2023
Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл – жаз маусымы. Үш ай демалыс кезінде балалар алаңсыз асыр салып ойнап, бір жасап қалады. Оқушылардың басым бөлігі өзде
Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл – жаз маусымы. Үш ай демалыс кезінде балалар алаңсыз асыр салып ойнап, бір жасап қалады. Оқушылардың басым бөлігі өздері оқитын мектеп жанындағы лагерьлерге баратыны белгілі.Осы мақсатта 5 маусым КММ №84 жалпы білім беретін мектепте «Tengri Camp» мектепішілік лагерінің ашылу салтанаты өтті.Жоспар бойынша биылғы мектепішілік лагерьде 180 бала қамтылды. Лагерь аумағы балалардың жайлы демалуы үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Ыңғайлы асхана, ойын бөлмелері мен ойын-сауық алаңдары қарастырылған. Оқушылар тегін бір реттік ыстық түскі аспен қамтылады.

