№84 жалпы білім беретін мектеп ұжымы 1-қыркүйек 2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» ат » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » №84 жалпы білім беретін мектеп ұжымы 1-қыркүйек 2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» ат
05
сентябрь
2023

№84 жалпы білім беретін мектеп ұжымы 1-қыркүйек 2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» ат

№84 жалпы білім беретін мектеп ұжымы 1-қыркүйек 2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын ортаға салып, пікір алмасты. Жолдауды таныстыруды тарих пәні мұғалімдері Батанова Д.М., Куатбекова М.А., Куралбаев Н.Б. Жолдауға қатысты өз ойларын ортаға салып, педагог әріптестерімен ойталқы жасады. Білім күнімен қатар келген жолдауында Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы, сумен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және отандық өнімнің үлесін арттыру мәселелеріне ерекше тоқталды. Қоғам үшін маңызды үлкен мәселе қазіргі таңдағы тек қазақстандық қоғам емес, әлемдік деңгейдегі мәселелер қарастырылды. Соның ішінде бастысы-су тапшылығы. Екіншісі-Қазақстанда соңғы уақытта пікірталас тудырып жатқан атом электр стансасын салу туралы референдум болатынын айтты. «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам» деп жарияланған Жолдауда мемлекет басшысы білім беру саласына да тоқталды. Атап айтсақ, Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің ролі, ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру мақсатында біршама өзгерістер енгізу.Жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескерсек, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуда барынша күшейту маңыздылығын атап өтті. 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасай отырып, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін шешіп, «жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынатының атап өтті.. Әділетті Қазақстанды құру баршамыздың міндетіміз деп санаймыз!

Похожие публикации: