Астанада алғаш рет ұйымдастырылған Педагогтер съезінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы әр ұстаздың көкейінде жүрген мәселелерге тоқталды. Мемлеке » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » Астанада алғаш рет ұйымдастырылған Педагогтер съезінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы әр ұстаздың көкейінде жүрген мәселелерге тоқталды. Мемлеке
05
октябрь
2023

Астанада алғаш рет ұйымдастырылған Педагогтер съезінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы әр ұстаздың көкейінде жүрген мәселелерге тоқталды. Мемлеке

Астанада алғаш рет ұйымдастырылған Педагогтер съезінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы әр ұстаздың көкейінде жүрген мәселелерге тоқталды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде «Кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты», деген еді.

Соның ішінде мен үшін тағы бір маңызды болған тұсы тәрбие мәселесі.

Мемлекет басшысы “Тәрбие ісінде ұлттық педагогика бастауларын да назардан шығармаған жөн. Балаларымыздың бойына қазақтың салт-дәстүрі мен құндылықтарын сіңіру аса маңызды.

Халқымыз қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген. Қадір-қасиет, абырой, парыз секілді ұғымдарға атүсті қарамаған. Яғни, төл мәдениетіміз де жастар тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Еңбекқорлықты дәріптеу үшін балаларды жастайынан еңбекке баулу қажет”,- деп Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өте орынды мәселе көтерді.

Сонымен қатар, Президент оқушыларға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру керектігіне тағы да тоқталып өтті.

“Мемлекеттің тірегі – адал азаматтар. Елімізде осы қағидаға негізделген жаңа қоғамдық этика орнығуға тиіс. Қазақта «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген сөз бар. Мектеп ізгілік қағидаларын, адамзатқа ортақ құндылықтарды балалардың бойына сіңіретін орталыққа айналуы керек.
Жас ұрпақ әділ, адал, үнемшіл, еңбекқор, білімпаз, отаншыл әрі жанашыр болуға ұмтылуы керек. Ұлттың жаңа сапасы дегеніміз – осы», деді.



Похожие публикации: