Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. «Өмірде жақсылық жасауға әрдайым жағдай табылады» десек » Алматы қаласы БІлім басқармасы КММ "№84 жалпы білім беретін мектеп"
Телефон приемного:
+7(727) 278-39-92
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 278-39-92
Көздері нашар
көретіндерге арналған нұсқа
» » Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. «Өмірде жақсылық жасауға әрдайым жағдай табылады» десек
13
январь
2020

Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. «Өмірде жақсылық жасауға әрдайым жағдай табылады» десек

Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. «Өмірде жақсылық жасауға әрдайым жағдай табылады» десек болады. Айналаңызға қарасаңыз кез келген жерден көмегіңізге мұқтаж адамды кездестіре аласыз. Бұл кез келген адам болуы мүмкін, мысалы, қарт көршіңіз, кішкентайын өсіріп жатқан жалғызбасты ана, қиын жағдайға тап болған танысыңыз. Оларға уақытыңыз бен назарыңызды бөліңіз, көмегіңіз қажет емес пе екен, сұраңыз. Мысалы, қарт адамдарға сыртқа шығу қиын болса азық-түлігін тасып беруге болады немесе дәрісін әкеліп беріңіз. Бұл көмегіңіз болмашы болса да, ең бастысы, шынайы және шын жүректен шыққан ұсыныс болсын. Мейірімді іс жасағаныңызға өзіңіз де бір сәт риза болып қаласыз. Және, бұдан кейін де мейірімді істер легін жалғастыруға ықыласыңыз ашыла түседі. Көмегіңізді қандай түрде білдірілетініңіз аса маңызды емес. Бұл:
- қолдан келген материалды көмек;
- физикалық көмек (үй жинасу, азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізу, кішкентай баланы қарай тұру жәнет.б.);
- кеңес айту; - рухани қолдау;
- тегін заңгерлік кеңес және т.б. болуы мүмкін.
Бір дана адам: "Өркениетті қоғамға оның балаларға және қарттарға, яғни қорғансыз адамдарға қарым-қатынасына қарап баға беруге болады" деп бекер айтпаған.
«Қамқорлық» республикалық қайырымдылық акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыратын іс-шара. Ағымдағы 2020 жылдың 9 қаңтарынан біздің мектепте де «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы бастау алып жатыр.
Басты мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек және қолдау көрсету болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік себептерге байланысты мектепке баруға мүмкіндігі болмай қалатын балаларды алдын ала анықтап, оларға жәрдем беру.