01
май
2020
"Бірлік бар жерде-тірлік бар"-дейді дана халқымыз.Осы қанатты сөз тегіннен -тегін айтылмаса керек. Болашақтың бірліксіз болмайтынын болжай білген баба
"Бірлік бар жерде-тірлік бар"-дейді дана халқымыз.Осы қанатты сөз тегіннен -тегін айтылмаса керек. Болашақтың бірліксіз болмайтынын болжай білген бабаларымыз осы қағиданы бағыт етіп ұстағандай ,ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан ауызбіршілік пен түсіністік,қарапайым сыйластық,ұлттар тұтастығымен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп ілгері басып келеді.Қаймағы бұзылмаған көп ұлтты мемлекетпіз. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатырмыз. Бүгінгі таңда да бірлігі мен ынтымағы жарасқан қазақ елі осындай қиын-қыстау шақта "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші бір ауыздан бастан өткеріп жатқан қауіпті кеселді шыдамдық пен төзіммен жеңіп шығатынын тағы да бір дәлелдей алдық.Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын! Бұл дағдарысты да бірлігіміздің арқасында жеңетінімізге кәміл сенеміз! 1 мамыр-Бірлік күні құтты болсын! Алматы қаласы №84 ЖББМ-тің бастауыш сынып мұғалімі Бекмуратова Л.А. мен 3 "Ә" сынып оқушыларының құттықтауын қабыл алыңыздар